Басты бет Қоғам Жүргізушілердің тек бір құжатпен жүруіне рұқсат етілуі мүмкін

Жүргізушілердің тек бір құжатпен жүруіне рұқсат етілуі мүмкін

Қазақстандық жүргізушілерге өзімен бірге тек жеке куәлігін алып жүруге рұқсат етілуі мүмкін, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жол сақшылары автокөлікке қатысты қалған құжаттарды талап етпейді. Ішкі істер министрлігі осындай норма енгізуді жоспарлап отыр.

«Біз жүргізушілерді құқық белгілеуші құжаттарды өзімен бірге алып жүруді міндеттемейтін норма енгізгіміз келеді. Жеке куәлік жеткілікті. Өйткені соның көмегімен біз планшет арқылы оның қандай көлігі барын, сақтандыру полисі қашан аяқталатынын, техникалық бақылаудан қашан өткенін, айыппұлы бар-жоғын тексере аламыз. Бір бума қағазды тасудың не қажеті бар, бір ғана куәлік жетеді», – деді ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәжіліс отырысында.

Айтуынша, полицейлердің планшеттері көшедегі бейнебақылау камераларымен интеграцияланады.

«Егер байқасаңыздар, қазір нөмір белгісін тақпаған автокөліктер жоқтың қасы. Себебі нөмірі жоқ көлікті байқаған камера бірден сигнал береді. Осыдан кейін патрульдік полиция жолға шығып, автокөлікті тоқтатады. Министрлік базасында көліктің түр-түсі, нөмірі – бәрі тіркелген. Яғни, біз көліктерді айдап әкету оқиғаларын барынша азайтуға тырысып жатырмыз», – деді ведомство басшысы.

Тұрғымбаев жүргізушілер Қазақстан аумағынан шыққан кезде, барлық құқық белгілеуші құжатты өзімен бірге алып жүруі тиіс екенін атап өтті.

Оқи отырыңыз:

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Астанада жедел жәрдем бригадаларының саны азайғаны рас па?

Қазнетте Астанада жедел жәрдем бригадаларының саны азайғандығы туралы ақпарат тарады. Онда мұндай шешімді жедел жәрдем станциясының басшысы Мұрат Оразбаев жеке өзі қабылдағаны айтылған, деп...

Қазақстандықтардың моншаға аз баруына не себеп

Мәжіліс отырысында депутат Ерлан Саиров қазақстандықтардың моншаға аз бара бастағанын айтты. Оның пікірінше, оған азық-түлік бағасымен қоса қызмет көрсетудің де қымбаттауы себеп, деп хабарлайды...

Алдағы демалыс күндері 44 градусқа дейін ыстық болады

Синоптиктер 2023 жылдың 3-5 маусымында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты.   Болжамға сәйкес, еліміздің басым бөлігінде қатты аптап ыстық күтіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz. "Қазгидромет" РМК хабарлауынша,...

“Ролан Гаррос” турнирінде 2020 жылдан бері алғаш рет ең ұзақ матч өтті

Әлемнің тоғызыншы ракеткасы италиялық Янник Синнердің неміс спортшыаы Даниэль Альтмайермен “Ролан Гаррос” турнирі екінші айналымы аясында өткізген ойыны 5 сағаттан астам уақытқа созылды, деп...

Қазақстанда ауыл мектептерінің саны күрт азайды

Ұлттық статистика бюросы Қазақстан мектептері жайлы деректерді жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Бюро мәліметінше, 2022-2023 оқу жылында барлығы 7687 мектеп жұмыс істеді. Ондағы мектептердің 31,6% қалада,...

Сенат спикері: Халықтың ақшасы тиімсіз жұмсалды

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев халықтың ақшасы тиімсіз жұмсалып жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Сенаттың бүгінгі отырысында арнайы экономикалық аймақтар мәселесі қаралды. Индустрия және инфрақұрылымдық...

Мектеп оқушысы 30-ға жуық тілді қалай меңгеріп алғанын айтты

14 жастағы Айбат Ахметжан тілдерді меңгеріп қана қоймай оның тарихын да зерттеп, көне тілдерде еркін сөйлей алады. Бұл туралы полиглот жасөпірім "Таңшолпан" бағдарламасында айтып...