Басты бет Оқиға Төтенше оқиға "Жұрт дүрлігіп, жылады": ұшақта болған кәсіпкер апат кезінде не болғанын айтты

«Жұрт дүрлігіп, жылады»: ұшақта болған кәсіпкер апат кезінде не болғанын айтты

Алматының түбінде құлаған ұшақтың ішінде болған кәсіпкер Аслан Назарәлі апаттың қалай болғанын айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Мен өзім Алматыда тұрамын. Нұр-Сұлтанда филиалымыз бар. Соған барып, бір шаруаларды реттеп келетін ойым болды. Сөйтіп, таңғы рейске билет алып, астанаға ұшпақшы едім», — деп бастады әңгімесін Назарәлі Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.

Оның айтуынша, ұшаққа отырғанда бәрі дұрыс болған. Тіпті, жерден сәл көтерілгенде ешқандай ақаулық байқалмады. Бірақ, көп ұзамай, ұшақ шайқала бастады.

«Кәдімгідей қайық сияқты ары-бері шайқалып, теңселіп кетті. Сосын  ұшақтың бәрі селкілдей бастады. Мен өзім құлаққап тағып, телефонды қарап отырғанмын. Бас кезінде мән берген жоқпын. Ал ұшақтың сол жақ қанаты, одан кейін оң жақ қанаты қатты селкілдеп, артынан «тырс» деген дыбыс шыққанда бір ақаулықтың шыққанын түсіндім. Біреу ұшақты тартып қалғандай болды», — дейді Назарәлі.

Кәсіпкер 15 қатарда отырған. Ұшақ құлағаннан кейін 14-ші қатарға дейін отырған жолаушылардың басым бөлігін зардап шекті.

«Соққының зардабын 14-ші қатарға дейін отырған адамдар көрді. Алдымда сол жақта отырған бір адамның қысылып қалғаны анық есімде. Бәрі дүрлігіп кетті, балалар жылады. Оң жақта біреу апаттық есікті ашты. Сөйтіп, бәріміз содан шығуға ұмтылдық. Ұшақтың қанатымен түстік. Ол тайғақ болды. Бәріміз құлап, жығылып шықтық қой», — деп атап көрсетті кәсіпкер.

Фото: Алматы Халықаралық әуежайының баспасөз қызметі

Оның сөзіне қарағанда, аман қалған жолаушылар зардап шеккендерге көмек көрсетті. Біреуді ұшақтан шығарды, біреуіне далада жәрдемдесті.

«Көп адам зардап шекті. Себебі 14 қатарға дейін ұшақ қатты бұзылды. Жарақат алғандар өте көп болды. Біреудің аяғы сынды, біреудің басы жарылды. Омыртқасынан жарақат алғандарды көрдік. Біз бәріміз далада болдық. 30 минуттан кейін өрт сөндірушілер келді. Артынан тағы 10 минут өткен соң, спринтер келіп жетті. Оның ішінде медицина мамандары болды», — деді Назарәлі.

Алматыдағы трагедия

Қайғылы оқиға бүгін таңғы жетіде Алматы түбінде болды. Алматы әуежайынан Нұр-Сұлтанға ұшып шыққан Fokker 100 ұшағы көп ұзамай Талғар ауданындағы елді мекенге құлады.

Ұшақ бортында 93 жолаушы, 5 экипаж мүшесі болған.

Полиция әзірге 12 адамның қаза болғанын растады. Көз жұмғандар арасында генералдар кеңесінің төрағасы Рүстем Қайдаров пен республикалық интернет-порталдың шығарушы редакторы Дана Круглова бар.

Фото: Алматы Халықаралық әуежайының баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мерт болғандардың жақындарына көңіл айтып, кінәлі адамдар қатаң жазаланатынын жеткізді. Президент 28 желтоқсанды жалпыұлттық аза тұту күні ретінде жариялады.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...