Жаңа оқу жылында оқушылар қалай демалады — министрлік кесте жариялады

226
Фото: pixabay.com

Білім және ғылым министрлігі жаңа оқу жылында оқушылар қалай демалатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

2020 жылдың 13 тамызындағы бұйрыққа сәйкес, мынадай мерзімдер анықталған:

  • 2020-2021 оқу жылының басталуы — 1 қыркүйек 2020 жыл;
  • 1-сынып оқушылары 33 апта оқитын болады, 2-11 (12) сыныптар — 34 апта.

Оқу жылының демалыс кестесі:

1-11 (12) сыныптар: күзгі каникул – 10 күн (5-14 қараша (қоса есептегенде) 2020 жыл), қысқы – 11 күн (31 желтоқсан 2020 жыл — 10 қаңтар 2021 жыл), көктемгі демалыс – 12 күн (20-31 наурыз 2021 жыл);

1-сыныптарда: қосымша демалыс – 7 күн (8-14 ақпан 2021 жыл).

Бұған дейін білім министрі Асхат Аймағамбетов қашықтан оқуға қарамастан, оқушылардың демалысы өзгеріссіз қалатынын айтқан еді.

«Қашықтан оқуға қарамастан, балалар қатты шаршайды. Сондықтан каникул кестесі өзгертілмейді», — деді министр.

1 қыркүйектен бастап оқушылар қашықтан оқитын болады. Бастауыш сынып оқушылары үшін мектепте кезекші класс қарастырылған.

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз