Жаңаөзенде тәртіп сақшылары рейд кезінде 22 мен 30 жас аралығындағы алты жезөкшені ұстады, деп жазады NUR.KZ.
Олар жергілікті қонақ үйлердің бірінде интимді қызмет көрсеткен. Бұл туралы Маңғыстау облысы полиция департаментінің Instagram парақшасында хабарланды.
Ведомствоның мәліметінше, жеңіл жүрісті қыздар Жаңаөзенге Алматы, Тараз және Өзбекстаннан келген.
Оларға Әкімшілік құқықбұзушылық кодекстің 449-бабы (Қоғамдық орындарда тиісу) және 492-бабы (Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.
Сондай-ақ, олар «жезөкшелік» санаты бойынша есепке алынған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Автор: Нұрила Ермекбай
Оқи отырыңыз:
- Нұр-Сұлтанда түнде үш көліктің соқтығысқан сәті видеоға түсіп қалды
- Қазақстанда үш аптадан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасы қымбаттамаған
- «Біз мұны сұрадық па?»: Олжас Сүлейменов үкіметке үндеу жолдады
Біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымызға жазылыңыз:
Telegram, Instagram, Twitter, Facebook
Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз