Ведомствоаралық комиссия ІІІ-тоқсанда мектеп оқушылары мен ІІ-семестрде студенттер қалай білім алатындығын анықтап, шешім жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.
Білім және ғылым министрлігінің ұсынысы бойынша, сондай-ақ қоғамның пікірін ескере отырып, коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссия шешім қабылдады:
- Оқу жылының III тоқсанынан бастап бітіруші сыныптар үшін (9,11,12 сыныптар) санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, аралас оқыту (пәндердің 70%-ын – дәстүрлі форматта, 30%-ын – қашықтан) қарастырылады.
- Оқу жылының III тоқсанынан бастап мектеп оқушыларының біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру мақсатында сабақтан тыс уақытта 5 адамнан аспайтын топтарда жеке консультация ұйымдастырылады.
- II семестрден бастап колледждер мен жоғары оқу орындарының бірінші курс студенттерін аралас оқыту қайта басталады.
Оқи отырыңыз:
- УАЗ Эфиопияда құрастырылуы мүмкін
- Ванга: «Бес екі қатар келген күні» қорқынышты апат болады
- «Құрмет» орденін алған генерал 5 жылға сотталды