Басты бет Оқиға Жол-көлік оқиғасы Жақындарынан айырылған тараздық көпбалалы ана ІІМ-нен көмек сұрайды

Жақындарынан айырылған тараздық көпбалалы ана ІІМ-нен көмек сұрайды

«Жақындарымды ажал құштырғандар жауапқа тартылсын!» Жеке күзет қызметі жігіттерінің кесірінен тараздық көп балалы ана енесі мен сәбиінен айырылып отыр, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Келіншектің ет жақындары күзет фирмасының қызметкерлері себепкер болған жол апатында қайтыс болған. Ал кінәлілер әлі күнге жауапқа тартылмапты. Сондықтан ол Ішкі істер министрлігінен көмек сұрайды.

Іңкәр Жақаева үшін өткен жылдың 26-шы қазаны қаралы күн. Дәл сол күнгі жол апатынан кейін баласы мен енесінен айырылған. Келіншектің айтуынша, енесінің аяғы сынып, жарақаты ажалына себеп болыпты. Тамырына зақым келіп, жеті күнде қайтыс болған. Іңкәрдің де жамбасы морт кетіп ауруханаға түсті. Ішінде алты айлық сәбиі бар әйелге кесір тілігін жасауға тура келгенімен, шақалақ шетінеп кеткен.

Іңкәр Жақаева, Тараз қаласының тұрғыны:

— Мен соққыны ішімнен алдым.

— Бала алмады ма сол соққыны?

— Мен бес баламды осыған дейін еш қиындықсыз босанғанмын. Ешкімнің көмегінсіз. Кесір тілігінен де қанша азап шектім. 

Жол апаты жеті ай бұрын болған. Ішінде 4 адамы бар көлікті жеке күзет қызметінің жігіттері мінген машина соққан еді. Қатты соққыдан көліктердің сау-тамтығы қалмаған. Сол кезде кінәлілердің машинаны мас күйінде басқарғаны айтылды.

Төлеген Әбдірахманов, І. Жақаеваның күйеуі:

— Рөлде ана жігіт, ішіп алған. Енді «мен емеспін» деп мойындамай отыр.

— Оқиға орнына қашып кетпек болған ба?

— Солай болған. Артында қару жатыр. Екі автомат, дубинка, каска. Тағы бір жігіт артында қызбен отыр.

Қара жамылған отбасы жол апатына айыптыларды әлі күнге жауапқа тартқыза алмай жүр. Олар күні бүгінге дейін тергеу ісінің сотқа жетпей жатқанына қапалы. Соған қарағанда күзет компаниясының артында ықпалды адам тұр ма деп күдіктенеді. Сондықтан Ішкі істер министрлігінен көмек сұрайды.

Іңкәр Жақаева, Тараз қаласының тұрғыны:

— Тергеуші – бәрі дөрекі сөйледі. Менің кінәм заңды білмегенім бе? Қарапайым адам — адам емес сияқтымыз.

Ал тәртіп сақшылары өздеріне шаң жуытпады. Сөздеріне қарағанда, жол апаты дерегі бойынша 7 сараптама тағайындалған. Тергеу ісінің ұзап кетуіне солардың қорытындысының шықпауы себеп деп ақталды.

Асан Смайылов, Тараз қалалық ПБ әкімшілік полиция тобының инспекторы:

— Сот сараптамасының қорытындысына сай, «Лада» автокөлігінің жүргізушісі көлікті орташа дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болғаны анықталған.

— Яғни кінәлі болып отыр ғой, күзет қызметі?

— Ол туралы ештеңе айта алмаймын. 

Ал күзет кызметі өкілдерімен тілдесу мүмкін болмады. Фирманың заңды тіркелген мекен-жайында жеке адам тұратын болып шықты. Сөйтсе бұл компания атын ауыстырып жіберіпті. Бірақ бұл жерден де басшыларын таба алмадық.

Оқи отырыңыз:

Фото: видеодан алынған кадр

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Астанада жедел жәрдем бригадаларының саны азайғаны рас па?

Қазнетте Астанада жедел жәрдем бригадаларының саны азайғандығы туралы ақпарат тарады. Онда мұндай шешімді жедел жәрдем станциясының басшысы Мұрат Оразбаев жеке өзі қабылдағаны айтылған, деп...

Қазақстандықтардың моншаға аз баруына не себеп

Мәжіліс отырысында депутат Ерлан Саиров қазақстандықтардың моншаға аз бара бастағанын айтты. Оның пікірінше, оған азық-түлік бағасымен қоса қызмет көрсетудің де қымбаттауы себеп, деп хабарлайды...

Алдағы демалыс күндері 44 градусқа дейін ыстық болады

Синоптиктер 2023 жылдың 3-5 маусымында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты.   Болжамға сәйкес, еліміздің басым бөлігінде қатты аптап ыстық күтіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz. "Қазгидромет" РМК хабарлауынша,...

“Ролан Гаррос” турнирінде 2020 жылдан бері алғаш рет ең ұзақ матч өтті

Әлемнің тоғызыншы ракеткасы италиялық Янник Синнердің неміс спортшыаы Даниэль Альтмайермен “Ролан Гаррос” турнирі екінші айналымы аясында өткізген ойыны 5 сағаттан астам уақытқа созылды, деп...

Қазақстанда ауыл мектептерінің саны күрт азайды

Ұлттық статистика бюросы Қазақстан мектептері жайлы деректерді жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Бюро мәліметінше, 2022-2023 оқу жылында барлығы 7687 мектеп жұмыс істеді. Ондағы мектептердің 31,6% қалада,...

Сенат спикері: Халықтың ақшасы тиімсіз жұмсалды

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев халықтың ақшасы тиімсіз жұмсалып жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Сенаттың бүгінгі отырысында арнайы экономикалық аймақтар мәселесі қаралды. Индустрия және инфрақұрылымдық...

Мектеп оқушысы 30-ға жуық тілді қалай меңгеріп алғанын айтты

14 жастағы Айбат Ахметжан тілдерді меңгеріп қана қоймай оның тарихын да зерттеп, көне тілдерде еркін сөйлей алады. Бұл туралы полиглот жасөпірім "Таңшолпан" бағдарламасында айтып...