Жалғызбасты ата-аналарға жеңілдік жасалады: президент тапсырма берді

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Қазақстанда жалғызбасты ата-аналарға қашықтан жұмыс істеуге заң жүзінде рұқсат берілуі мүмкін, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Президенттің айтуынша, ерлерге қарағанда әйелдерге жұмыс пен бала күтімін қатар алып жүруге тура келеді. Мәселен, әйел декретке шыққанда, кәсіби дағдысы мен машығын жоғалтады. Соның салдарынан көбі еңбек нарығында бәсекеге қабілетті емес болып қалады.

«Бірақ бәрінен де жалғызбасты ата-аналарға қиын. Оларға ерекше еңбек шарттарын жасау қажет. Заңнамалық деңгейде жалғызбасты ата-аналарға қашықтан жұмыс істеуге және қысқартылған жұмыс режиміне құқық беруді қарастырған жөн. Дамыған елдерде ірі компаниялар өз кеңселерінен балалар бөлмесін ашады. Мұндай практика бізде де қалыпты дүниеге айналуға тиіс», — деді Тоқаев ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алтыншы отырысында.

Президент аталған санаттағы жұмысшылардың мүддесін ескеретін еңбек режимін реттеудің тиімді тетіктерін енгізу керек екенін атап өтті. Бірақ еңбек үдерісінің үзілмеуі мен өнімділікті қамтамасыз ету де маңызды, деді мемлекет басшысы.

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз