Басты бет Саясат Үкімет Жалақы 50 процентке дейін өседі: Үкімет бірқатар шараны қолға алмақ

Жалақы 50 процентке дейін өседі: Үкімет бірқатар шараны қолға алмақ

Үкіметтегі баспасөз конференциясында Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов табысы төмен жұмыскерлердің жалақысын арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан премьер-министрдің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Төмен жалақы алатындардың мәселесіне келсек, бізде еңбек заңнамасында тек төмен жалақы мөлшері реттелген, басқасының бәрі жұмыс берушінің құзырында. Сондықтан Елбасы жолдауына сәйкес, жыл басынан бері Қазақстандағы ең төменгі жалақы мөлшері 1,5 есеге – 28 000 теңгеден 42 500 теңгеге дейін артты», — деді министр.

Оған қоса, оның айтуынша, 25 АЕК дейін, яғни 63 000 теңгеге дейінгі көлемде еңбекақы алып жүрген азаматтардың салық жүктемесі 10 есе азайтылған.

Биыл 1 маусымнан бастап бюджет саласында жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысы 30%-ға артты.

«Жыл басынан бері елімізде 2,7 мың кәсіпорын аз жалақы алып жүрген 1,2 миллион жұмыскерінің жалақысын орта есеппен 32,5%-ға көбейтті. Әлі де болса, еліміздегі кәсіпорындардың жартысына жуығы қызметкерлерінің табысын өсірген жоқ. Сондықтан, кәсіпорындар басшыларын осыған атсалысуға шақырамыз. Азаматтардың табысы өскен сайын ел тұрғындарының әл-ауқаты да арта түспек», — деді Нұрымбетов.

Бұл ретте, 2020 жылдан мемлекет тарапынан бюджеттік салаға қатысты бірқатар шара қолға алынады. Атап айтқанда, келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап мұғалімдердің жалақысы 25%-ға, мәдениет саласындағы қызметкерлердің еңбекақысы 35%-ға, кейбірінің жалақысы 50%-ға дейін, әлеуметтік сала қызметкерлерінің еңбекақысы 30-60%-ға дейін көбейеді.

«Мемлекеттік еңбек инспекциясы мен прокуратура жергілікті және шетелдік қызметкерлердің еңбекақысының тең болуын қамтамасыз етуді талап етуде. Компаниялардың көбі қазақстандықтардың жалақысын өсіріп жатыр, дегенмен, шетелдіктердің жалақысын төмендету фактілері де бар. Яғни, бұл жұмыс берушінің шешіміне байланысты. Бастысы, ол талаптарды орындауы тиіс – бірдей лауазымдарда, бірдей атқарылатын жұмыста және біліктілігі тең жағдайда еңбекақы мөлшері бірдей болуы керек», — деді Б. Нұрымбетов.

Оның мәліметінше, Қазақстанда жұмыс істеуге берілген 681 рұқсат қағазы қайтарып алынды, 393 шетелдік жұмыскер елден шығарылды.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

1 маусымнан бастап қай қалаларға пойыздар жүре бастайды — толық тізім

2020 жылы 13 мамырда өткен Қазақстан Республикасы аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында ел ішінде жолаушылар пойыздары...

Іле-Алатауы ұлттық паркінің бір бөлігі жекеменшік компанияның басқаруына берілді

Іле Алатауы ұлттық паркінің бір бөлігі 49 жылға жеке компанияның ұзақ мерзімді пайдалануына берілді, деп хабарлайды zakon.kz. ҚР ИДМ "Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" РММ...

1 маусымнан бастап курорттар мен шипажайлар ашылады

Қазақстанда 1 маусымнан бастап курорттық, емдеу-сауықтыру нысандары ашылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Шешім премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссия отырысында қабылданды. "2020 жылғы 1...

Індет жұқтырғандар саны артып барады, нақты шешімдер қажет – Тоқаев

Қалаларда карантин шаралары сақталмағандықтан індет жұқтырғандар саны артып барады, деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев twitter-дегі парақшасында, деп хабарлайды zakon.kz. - Қалаларда карантин шаралары сақталмағандықтан індет...

Автокөліктің терезесінен басын шығарған баланың ата-анасына айыппұл салынды (видео)

Әлеуметтік желіде кәмелетке толмаған балалардың жолда автокөліктің терезесінен басын шығарып отырған видеолары таралған еді. Ата-аналарына айыппұл салынды, деп хабарлайды Polisia.kz. Кәмелетке толмағандардың жүріп келе жатқан...

Шағын және орта бизнеске 160 миллиард теңге жеңілдетілген кредит берілді

Шағын және орта бизнес өкілдеріне 160 миллиард теңге көлемінде жеңілдетілген кредит берілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шағын...

Білім және ғылым министрі оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтады

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтады, деп хабарлайды zakon.kz. Биыл 1-10 сыныптарға арналған соңғы қоңырау онлайн режимінде өтеді. 3...