Жамбыл облысы Бел теміржол станциясында «Алматы-Ақтөбе» жолаушылар пойызы екі ер адамды басып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 13 қаңтары күні Жамбыл облысында болды.
«Бел теміржол станциясында «Алматы-Ақтөбе» бағытындағы жолаушылар пойызы екі жұмысшыны басып кетті. Олар оқиға орнында қаза тапты», — делінген көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Оқиға орнына Шу теміржол станциясындағы полицияның жедел тергеу тобы шұғыл жеткен.
«Қаза тапқан адамдардың кім екені анықталды. Олар – 33 және 44 жастағы теміржол компаниясының бірінде еңбек етіп жүрген жұмысшылар. Бұл факт ҚР қылмыстық кодексі 344 бабы 3-тармағы (темiржол, әуе, теңіз немесе өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу) бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тергеу тізіміне тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды», — делінген хабарламада.
Көліктегі полиция департаметінің қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
«Екі жұмысшының өліміне байланысты полиция тергеуді бастады», — делінген көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Тәртіп сақшылары адамдарға теміржолдан өткен кезде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға кеңес береді. Сондай-ақ көліктегі полиция департаменті теміржолдан жаяу және машинамен өткен кезде арнайы орындар арқылы өту қажеттігі және теміржолдың маңайында баланы қараусыз қалдырмау керектігі туралы қатаң ескертті.
Оқи отырыңыз:
- Атырау қаласының әкімі өз еркімен отставкаға кетті
- Ақтөбеде туысқан ағасы мүгедек қарындасын екі жыл бойына зорлап келген
- Видеоның арқасында 9 жасар бала әжесін өлімнен құтқарды