Жамбыл облысында екі бала мұздың астына құлап қайтыс болды

2060
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

2020 жылғы 28 қарашада Жамбыл облысы Байзақ ауданы Үлгілі ауылының маңында тоғыз және алты жастағы екі бала ойнап жүріп, суару каналында мұздың астына құлап, қайтыс болды, деп хабарлайды MediaWorld.kz.

Олардың денелерін Жамбыл облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының үш сүңгуірі тереңдігі 3 метр судан шығарды. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

Аяз басталысымен су бетінде біртіндеп мұз пайда бола бастайды. Алайда алғаш қата бастаған мұзға балалар мен жасөспірімдер барып,  жиі ойнайтыны жасырын емес. Осыған байланысы жұқа мұз өте қауіпті екенін еске салғымыз келеді.

Төтенше жағдайлар министрлігі балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес береді және мұзда ойнаудың қауіпті екендігін ескертеді.

Оқи отырыңыз: