Жамбыл облысында күні кеше болған жойқын дауыл кезінде 17 жастағы жігіт қаза тапты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бүгінде медициналық көмекке 53 адам жүгінген. Бұл туралы өңірлік денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті.
Ведомствоның ақпаратынша, өңірдің 53 тұрғынына медициналық көмек қажет болған. Тараздағы қалалық көпсалалы ауруханаға 43 адам жүгініп, төртеуі емханаға жатқызылған.
Жамбыл облысының көпсалалы балалар ауруханасына төрт бала келіп түскен. Үшеуі стационарға жатқызылса, біреуі емді амбулаторлық түрде қабылдап жатыр.
Байзақ аудандық ауруханасына 6 адам жүгінген. Олардың тек біреуі ғана емханаға жатқызылды. Қалған бесеуі үйлерінде ем қабылдауда.
Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше, дауыл кезінде 2004 жылғы жігіт қаза тапқан. Ол үйдің төбесінен құлап түсіп, оқиға орнында көз жұмған.
Ведомство өкілдері халықтың басым бөлігі терезе, ағаш және қақпалардың құлауы нәтижесінде зардап шеккенін айтты.
Автор: Малика Хадид
Оқи отырыңыздар:
- Ақтөбе облысында екі экстремист ұсталды
- «Халықтың қаржысы қазақ футболын дамытуға емес, шетел футболшысын байытуға жұмсалып жатыр!» — Мәжіліс депутаты
- «100 мыңды қолды қылды»: Алматы тұрғыны бейтаныс қызға жақсылық жасаймын деп басы дауға қалғанын айтты
Біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымызға жазылыңыз:
Telegram, Instagram, Twitter, Facebook
Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз