Жамбыл облысының Масанчи ауылында жергілікті тұрғындар арасында жаппай төбелес болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасап.
«Полиция қызметкерлерінің күшімен төбелес тоқтатылды. Жағдай бақылауға алынды», — деп жазылған ведомствоның ақпаратында.
Жамбыл облысы полиция департаментінің тергеу басқармасында қылмыстық кодекстің 293-бабы («Бұзақылық») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Төбелес қатысушылары анықталып жатыр.
Құқық қорғау органдары тек ресми ақпаратқа сеніп, жалған хабар таратпауға шақырды.
Сондай-ақ, полиция әлеуметтік желі арқылы жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті.
Оқи отырыңыз:
- Тас лақтырып, соққыға жықты: Қордайда не болып жатыр (видео)
- Жүрсін Ерман неден қауіптеніп отырғанын айтты
- Қырғызстандық әйел үстіне бензин құйып, өртеген күйеуіне кешірім берді (видео)