Видеодан кадр: instagram.com/kris_p_brothers_official

Әлеуметтік желі қолданушылары Жамбыл облысындағы Масанчи ауылындағы жаппай төбелестің видеосымен бөлісіп жатыр. Өңірлік полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жаппай төбелес пен тәртіпсіздіктің видеолары Instagram желісіндегі kris_p_brothers_official парақшасында жарияланған.

Бейнежазбада атыс, адамдардың айқайы естіліп, өрттің жалыны көрінеді.

Видеодағы жазбаға сәйкес, тәртіпсіздік Жамбыл облысындағы Қаракемер мен Масанчи ауылдарында орын алған.

Өңірлік полиция департаменті келіспеушілік Қордай ауданындағы Масанчи ауылының тұрғындары арасында болған дейді.

Жаппай төбелестің себебі әзірге белгісіз.

Полиция бұзақылық фактісі бойынша тергеу жұмыстарын бастады. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері тәртіпсіздікті ұйымдастырғандар мен қатысқандардың кім екенін анықтап жатыр.

Қазіргі уақытта ауылдастар арасындағы келіспеушілік тоқтатылды. Оқиға полицияның бақылауында.

Оқи отырыңыз: