Басты бет Оқиға Жамбылда бір жігіт жүріп бара жатқан пойызды тоқтатты

Жамбылда бір жігіт жүріп бара жатқан пойызды тоқтатты

Жамбыл облысында бір жігіт жүріп бара жатқан пойызды тоқтатуға тырысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

— Қызылорда станциясындағы жол полициясы басқармасына «Қызылорда-Нұр-Сұлтан» жолаушылар пойызы локомотивінің машинисі төтенше жағдайға арналған тежегішті басып, пойызды тоқтатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Пойыз жолына адам шығып алған болып шықты. Тексере келе, оның пойызды өз күшімен тоқтатпақ болған Жамбыл облысының 38 жастағы тұрғыны екені белгілі болды, деп хабарлайды Көлік полициясы департаментінің баспасөз қызметі.

Медициналық сараптама нәтижелері құқық бұзушының орташа дәрежеде мас күйінде болғанын анықтады. Ұсталған адамға қатысты бірден екі бап бойынша хаттама толтырылды. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 559-бабы, 5-бөлігі, яғни «Теміржол жолдарымен белгіленбеген жерлерден өту» және «Мас күйінде қоғамдық жерде көріну» бойынша оған бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде (12 625 теңге) айыппұл салынды.

Ал жолаушылар пойызы өз кестесі бойынша екі минутқа кешігіп шықты.

Жыл басынан бері көлік полициясы қызметкерлері рұқсат етілмеген теміржол өткелдерінен өткені үшін 20 мыңнан астам адамды әкімшілік жауапкершілікке тартқан.

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыздар:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тағы тобымызға қосылыңыздар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...