Басты бет Қоғам Дін Жаназа мен құдайы ас өткізудің жаңа талаптары

Жаназа мен құдайы ас өткізудің жаңа талаптары

Бұдан былай жаназа намазға 30 кісіден артық жиналуға болмайды. Марқұмды соңғы сапарға шығарып салу рәсімінде қонақасы берілмеуі тиіс, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Егер Covid-19 індетінен көз жұмған кісі болса, оның денесі дәрігер нұсқаулығымен жуылады. Ал намаз бен уағыз уақыты бес минуттан аспауы керек. Мүфтият бүгін жаназа мен құдайы ас өткізудің талаптарын жария етті.

Ершат Оңғаров, наиб мүфти:

— Жаназа намазының сабын түзегенде кемінде екі метр қашықтықты сақтауға, қабір басында мәйіт жер қойнына тапсырылғаннан кейін жамағатты тездетіп қайтаруға, жасы үлкен кісілер, денсаулығы нашар адамдар және жас балалар жаназа намаздарына қатыспауға, қонақ асын өткізбеуге үндейді.

Коронавирустың кесірінен Құрбан айт та өзгеше тойлануы мүмкін. Биыл ұлық мейрам 31-шілдеге тұспа-тұс. Екі апталық карантин ұзартылса, мешіттерде айт намазы оқылмайды. Рамазан айындағыдай, намаз үйде оқылады. Індетті жұқтыру қаупі болғандықтан қазақстандықтарға туыстары мен достарын шақыруды уақытша тоқтату қажет дейді мүфтият. Ал құрбандықты қашықтан шалуға болады.

Ершат Оңғаров, наиб мүфти:

— Құрбан айт мейрамы құрбандық шалумен ерекшеленеді. Құрбандық малын шалуды қашықтан орындаса болады. Тапсырыс беру арқылы орындаса да болады. Осыған біз жағдай жасауға тырысамыз. Ал құрбандық шалудың уақытына келетін болсақ, биыл 31-не болжанып отыр. Сол күні таңнан үш күн бойы күн батқа дейін шалуға болады.

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Астанада жедел жәрдем бригадаларының саны азайғаны рас па?

Қазнетте Астанада жедел жәрдем бригадаларының саны азайғандығы туралы ақпарат тарады. Онда мұндай шешімді жедел жәрдем станциясының басшысы Мұрат Оразбаев жеке өзі қабылдағаны айтылған, деп...

Қазақстандықтардың моншаға аз баруына не себеп

Мәжіліс отырысында депутат Ерлан Саиров қазақстандықтардың моншаға аз бара бастағанын айтты. Оның пікірінше, оған азық-түлік бағасымен қоса қызмет көрсетудің де қымбаттауы себеп, деп хабарлайды...

Алдағы демалыс күндері 44 градусқа дейін ыстық болады

Синоптиктер 2023 жылдың 3-5 маусымында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты.   Болжамға сәйкес, еліміздің басым бөлігінде қатты аптап ыстық күтіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz. "Қазгидромет" РМК хабарлауынша,...

“Ролан Гаррос” турнирінде 2020 жылдан бері алғаш рет ең ұзақ матч өтті

Әлемнің тоғызыншы ракеткасы италиялық Янник Синнердің неміс спортшыаы Даниэль Альтмайермен “Ролан Гаррос” турнирі екінші айналымы аясында өткізген ойыны 5 сағаттан астам уақытқа созылды, деп...

Қазақстанда ауыл мектептерінің саны күрт азайды

Ұлттық статистика бюросы Қазақстан мектептері жайлы деректерді жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Бюро мәліметінше, 2022-2023 оқу жылында барлығы 7687 мектеп жұмыс істеді. Ондағы мектептердің 31,6% қалада,...

Сенат спикері: Халықтың ақшасы тиімсіз жұмсалды

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев халықтың ақшасы тиімсіз жұмсалып жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Сенаттың бүгінгі отырысында арнайы экономикалық аймақтар мәселесі қаралды. Индустрия және инфрақұрылымдық...

Мектеп оқушысы 30-ға жуық тілді қалай меңгеріп алғанын айтты

14 жастағы Айбат Ахметжан тілдерді меңгеріп қана қоймай оның тарихын да зерттеп, көне тілдерде еркін сөйлей алады. Бұл туралы полиглот жасөпірім "Таңшолпан" бағдарламасында айтып...