Шымкентте қайын енесінің бағалы заттарын ұрлаған деген күдікпен келіні ұсталды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Құзырлы орган мәліметінше, Қаратау ауданы полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өзінің келіні үйде ешкімнің жоғын пайдаланып, сөреде тұрған құны 370 мың теңгені құрайтын алтын бұйымдарын және 100 АҚШ долларын жасырын түрде қолды еткенін жазып көрсеткен.
Полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, оқиға орын алған жерді мұқият тексеріп шығады.
Нәтижесінде, тәртіп сақшылары енесінің заттарын ұрлаған деген күдікпен 34 жастағы азаматшаны бір жарым тәулік ішінде ұстап, басқармаға жеткізді.
Тексеру жұмыстары мен сұрақ-жауап алу барысында ұсталған азаматша бұл қадамға үйдегі жанжал себеп болғанын айтқан. Сондай-ақ, қолды еткен заттарын өзінің бас пайдасы үшін сатып жібергені белгілі болды. Қазіргі кезде оған қатысты Қылмыстық кодекстің 188-бабымен (ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Автор: Көркем Әли
Оқи отырыңыз:
- Көлікке жеңілдетілген кредит беру бағдарламасы қайта іске қосылады
- Қостанай облысындағы «балық адам» 45 жылдық азабы туралы айтты
- Ипотекасы барларға үш ай кеңшілік беріледі – «7-20-25» пен «Баспана хит»
Біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымызға жазылыңыз: Telegram, Instagram, Twitter, Facebook
Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз