Жазира Байырбекова: Пейілі жаман кедейлер де, пейілі жаман байлар да бар

Фото: Instagram/zhazira_bairbekova

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Жазира Байырбекова желіде материалдық жағдай туралы жазба жариялап, оған қатысты өз ойын бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Байырбекованың сөзінше, байлық та, кедейлік те барлық адамға бірдей беріледі.

Әнші пейілі жаман кедейлер де, байлар да болатынын алға тартты.

«Байлар жақсы, кедейлер жаман немесе кедейлер жақсы, байлар жаман деген ұғыммен келіспеймін. Пейілі жаман кедейлер де, пейілі жаман байлар да бар. Яғни материалдық байлық адалға да, арамға да біте береді екен. Кедейлік те дәл солай», — деп жазды шоу-бизнес өкілі Instagram парақшасында.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Жазира Байрбекова (@zhazira_bairbekova)

Желі қолданушылары Жазира Байырбекованың сөзімен толықтай келісіп, оған қолдау білдірді.

«Жасынан жыр жаттап өскен қыз, сірә да сенен ақыл қалған ба! Дұрыс айтасың», «Жақсы адам байлықпен немесе кедейлікпен өлшенбейді, жаман адам да дәл солай», «Өте дұрыс, келісемін», «Дұрыс айтасыз. Ең алдымен адамның ниеті түзу болу керек», — деп жазуда олар.

Автор: Малика Хадид

Оқи отырыңыз: