Басты бет Қоғам Жеке куәлікте әке атын жазуға қатысты өзгеріс енгізілді

Жеке куәлікте әке атын жазуға қатысты өзгеріс енгізілді

Қазақстандықтар жеке куәлікті рәсімдегенде екі есімнен тұратын әкесінің атын дефис арқылы жаза алады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Депутат Майра Айсинаның айтуынша, бұған дейін екі сөзден тұратын есімдерге қатысты бірқатар қиыншылық болған. Әсіресе, ондай есімдер жеке куәлікте әкесінің аты ретінде көрсетілгенде екі есімнің біреуі, болмаса, екеуі бірге жазылатын. Енді, оны дефис арқылы жазуға болады.

«Мәселен, егер әкесінің аты «Асан-Әли» деп, дефис арқылы жазылса, баланың куәлігінде оны Асанұлы немесе Әлиұлы, я болмаса, «Асанәлиұлы» деп, бірге жазған. Енді, заң бойынша әкесінің аты дефис арқылы жазуға болады», — деді Айсина астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, осы норма «Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі жөніндегі Қазақстан республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңда қарастырылған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оған өткен аптада қол қойған болатын.

Айта кетейік, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың есімі де екі сөзден тұрады. Президент «Әке туралы толғаныс» атты кітабында өз есімінің шығу тарихы туралы жазған. Оны майданда қаза тапқан ағасының құрметіне Қасым деп қойса, пейілі кең азамат болсын деген ниетпен анасы Жомарт деп атаған екен. Әкесі Кемел Тоқаевтың Қасым деген үлкен ағасы болды.

Кейін Қасым соғысқа аттанып, 1942 жылы қаза болды. Оны Ресейдің Ржевск ауданындағы Трубино ауылында жерледі. Осылайша, інісі Кемел 18 жасында тұл жетім қалып, жалғыз бауырының қазасына қатты қайғырды. Өз баласының атына ағасының есімін қосты.

«Өзімнің есімім үшін тағдыр көруге жазбаған көкеме қарыздармын. Ал жаны жомарт, пейілі кең азамат болсын деп армандаған анам мені Жомарт атапты», — деп жазды Тоқаев.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Болат Бақауов екі айға қамауға алынды (фото)

Лауазымдық уәкілеттілігін асыра пайдаланды деп күдіктеліп жатқан Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов екі айға қамауға алынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. 17 қаңтарда Павлодарда өңір басшысы Болат...

ҰҚК арнайы операция кезінде 17 адамды ұстады

Ұлттық қауіпсіздік комитеті экономикалық қауіпсіздік қызметі Нұр-Сұлтан, Қарағанды және Алматыда ауқымды арнайы операция жүргізді. 17 адам ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. ҰҚК қызметкерлері мемлекетке айтарлықтай...

Елордада оқушылар мектеп маңында пышақтасты

Екі оқушы арасында жанжал туындап, ол төбелеске ұласқан. Суық қару да қолданылған екен, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Оқиға 16 қаңтарда Нұр-Сұлтандағы оқу орындарының бірінің маңында...

Зейнетақы жинағындағы ақшаны ерте алудың жолдары айтылды

Мемлекеттік аннуитет компаниясының басқарушы директоры Әлемжан Ақажанов зейнеткерлік аннуитет шарттарының қалай өзгеретінін айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Зейнеткерлік аннуитет" қалай беріледі? Қазіргі заңнамаға сәйкес, зейнетақы...

Ақтаулық атышулы хирург 14 жастағы қыздың ішегінен бір тұлым шаш пен ине алып шықты

Ақтауда белгілі хирург Насухан Отарғазиев 14 жастағы мүмкіндігі шектеулі қызға күрделі ота жасап, ішегінен бір тұлым шаш пен ине алып шыққан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Бұл...

Оңбай таяқ жеген қыздың өзі жеңіл жүріспен табыс тапқан (видео)

Жәбірленушінің өзі жезөкшелікпен айналысқан! Зорлық-зомбылықтың құрбаны болдым деп шағымданған бойжеткенге қатысты Алматы полициясы жаңа дерек айтты, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Оңбай таяқ жеген қыздың өзі...

Сот Қытайдан келген Тілек Тәбәрікұлына үкім шығарды

16 қаңтарда Алматы облысы Панфилов аудандық сотында "шекараны заңсыз бұзды" деп айыпталған Шыңжаң қазағы 30 жастағы Тілек Тәбәрікұлына үкім шықты. Судья Динара Құйқабаева Тәбәрікұлын...