Желіде Алматының «Алтын Орда» базарында екі жігіттің арасында болған даудың видеосы тарады. Бұл жайтқа қатысты Алматы облысының полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Жігіттер арасындағы жанжал бейнеленген видео Instagram желісіндегі krispi_almaty парақшасында жарияланды.
Кадрдан жігіттердің бірі екіншісін жібергісі келмей, әлдебір затты қайтаруын сұрап жатқанын аңғаруға болады.
Ал ер адам ештеңе алмағанын айтып, кейін өзін айыптаған жігітке екі рет жұдырық сермеп, оқиға орнынан кетіп қалады.
Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, желіде тараған видео шын мәнісінде 14 маусымда «Алтын Орда» аумағында түсірілген.
Құзырлы орган видеоны назарға алып, зерделегенін атап өтті.
«Аталған факті бойынша полицияға ресми түрде арыз түскен жоқ. Сондай-ақ емдеу мекемелеріне әлдекімнің жүгінгені туралы да ақпарат тіркелмеді. Алайда жедел-іздестіру шараларының барысында оқиға қатысушыларының бірі анықталды. Ол 28 жастағы Жамбыл облысының тумасы. Іздеу жұмыстары әлі де жалғасуда», — дейді ведомствоның баспасөз қызметінен.
Сонымен қатар полиция оқиға қатысушыларының әрекетіне құқықтық баға берілетінін жеткізді.
Автор: Сәке Қанатұлы
Оқи отырыңыз:
- Назарбаевтар отбасының шетелге шығарған ақшасы қайтарыла ма – Қошановтың жауабы
- Атыраудың шалғай ауылынан шыққан 9 жасар қыз «Әлем топ моделі-2022» атанды (фото)
- Алматыда бір топ жігіт аулада отырған тұрғындарды соққыға жықты – видео