Желіде келіні мен енесінің төбелесіп, шаш жұлысқан видеосы тарап кетті

Фото: видеодан алынған кадр

Түркістан облысында киімін алып кетуге келген келін енесімен және қайын сіңлісімен төбелесіп қалған. Бұл видео әлеуметтік желіге тарап, жұрттың жағасын ұстатты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желіде тараған видеода келіні мен енесі тіпті бір-біріне қол көтеріп, шаш жұлуға дейін барғаны түсіп қалған.

Оларды ажыратпақ болып жүрген азаматшаның киімі жыртылып, екеуі де жерге құлағанын көруге болады. Түркістан облысының полицейлері әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде аталған жайттың 29 тамыз күні Арыс қаласында болғанын анықтаған.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Арыс АПБ 102 пультіне жергілікті тұрғын арызданып, үйінде айқай-шу болып жатқанын айтқан. Жәбірленуші әйел ажырасқан келінінің туыстарымен келіп, өзіне дене жарақатын салғанын жеткізген.

Ол аталмыш дау бейнежазбаға түсіріліп, мессенджер арқылы тарағанын және абыройына нұқсан келгенін хабарлаған. Аталған ақпарат бойынша тексеру жүргізген тәртіп сақшылары ажырасқан келіні киімдерін алып кетуге келгенде төбелес басталғанын анықтаған.

«Келіні мен енесі өзара келіспей дау шығып, жаға ұстасқан. Тіпті, бір-бірінің киімін жыртып, дене жарақатын салғаны анықталды. Аталған жайтқа байланысты ҚР ӘҚБтК 434-бабы («Ұсақ бұзақылық») бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, сараптама тағайындалған» делінген хабарламада.

View this post on Instagram

Түркістан облысының полицейлері төбелеске қатысқан әйелдерді әкімшілік жауапкершілікке тартты Түркістан облысының полицейлері әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде бірнеше әйелдердің төбелесіп жатқаны жөнінде бейнежазбаны анықтады. Осы жайт бойынша нақтырақ айтар болсақ; 29.08.2020 жылы сағат 15:43 шамасында Арыс АПБ-нің 102 пултіне жергілікті тұрғыннан үйінде айқай-шу болып жатқаны жөнінде арыз келіп түскен. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, ажырасқан келіні туыстарымен келіп, ұрып-соғып, дене жарақатын салған. Содан аталмыш дауды бейнежазбаға түсіріп, мессенджер арқылы таратып, абыройларына нұқсан келтіргенін хабарлаған. Аталған ақпарат бойынша полицейлер тез арада әрекет етіп, тексеру жүргізген. Нәтижесінде арызданушы мен қызы үйінің алдында тұрғанда ажырасқан келіні киімдерін алып кетуге келгені, соңында сөзге келіспей дау шығып, жаға ұстасып, бір-бірінің киімдерін жыртып, дене жарақаттарын салғандары анықталды. Аталған жайтқа байланысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы «Ұсақ бұзақылықпен» әкімшілік хаттама толтырылып, сараптама тағайындалған. Түркістан Облысынын Полиция Департаменті

A post shared by Jetysai,Asykata,Myrzakent (@dudoser_zhetysai_myrzakent) on

Оқи отырыңыз: