Желіде таралған порнокастинг жарнамасы тексеріліп жатыр

Фото: pixabay.com

Порнокастинг туралы ақпарат тексеріліп жатыр. Бұл туралы «Астана» телеарнасы Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз өкіліне сілтеме жасап хабарлады.

Желіде әйгілі канадалық порностудиясының таңбасы жапсырылған көлік қызу талқыға түсті. Оны тұрғындар бас қаладағы көшелердің бірінде байқап қалған. Онда кастинг ұйымдастырылып, жұмысқа орналастырылатыны жазылған. Полиция департаментінің өкілдері әзірге қала тұрғындарынан ешқандай шағым түспеді деп отыр.

Эльмира ШАУЛЕНОВА, НҰР-СҰЛТАН қ. ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

— Департамент бұл ақпаратты тексеріп жатыр. Егер факт дәлелденсе, кінәлілер қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Егер жәбірленушілер немесе куәгерлер болса, полиция департаментіне шағымданса болады.

Оқи отырыңыз: