Басты бет Қоғам Желіге видео салып, елді шулатқан түркістандық дәрігердің қызметі өсті

Желіге видео салып, елді шулатқан түркістандық дәрігердің қызметі өсті

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой медициналық қолғаптың сапасын сынға алып, желіде видео жариялаған дәрігердің қызметі өскенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Мәселен, жақында Түркістан облысында дәрігер медициналық қолғаптың жыртылып жатқанын видеоға түсіріп, желі арқылы таратқан. Содан кейін оны жұмыстан шығарып жіберді. Халық арасында резонанс болды. Біз де осы мәселеге араластық. Қазіргі кезде ол дәрігер басқа клиникаға ауыстырылды. Қызмет бабы өсті. Бөлім меңгерушісі қызметіне тағайындалып отыр», — деді Цой бүгінгі онлайн брифингте.

Министр медициналық қолғаптың не себепті жыртылғанын да түсіндірді. Оның айтуынша, роликте көрсетілген медициналық қолғап гуманитарлық көмекке арналыпты. Өлшемі де дәрігердің қолынан кішкентай болған.

«Дегенмен, біз медицина қызметкерлерінің құқықтарын әрқашан қорғаймыз. Әділетсіздік болса, шағым түсіруге мүмкіндік бар. Министрліктің аймақтық бөлімшелеріне жазуға болады. Әрине, бәрін заң аясында шешу керек», — деп атап көрсетті Цой.

Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысында Келес аудандық ауруханасының дәрігері Қайрат Сейдуәлиев түсірген видео желіде тараған болатын. Онда маман операция жасау үшін берілген медициналық қолғапты көрсеткен. Оны қолға кигенде жыртылады. Әлеуметтік желіде осы ролик қызу талқыланды. Ал 33 жастағы дәрігер жұмыстан кетті. Ол осы ауруханаға 8 жыл бұрын «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында келген болатын. Соңғы жеті жыл бойы хирургия бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.

Қазіргі кезде Қайрат Сейдуәлиев Сарыағаш ауданындағы орталық ауруханада қабылдау бөлімінің меңгерушісі болып істейді.

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

«Мемлекет үшін халықтың несиесін жабу онша қиын шаруа емес» — қоғам белсендісі

Алматы қаласында өткен елдің несиесін кешіру туралы бейбіт шеруден кейін билік тарапы сәл жұмсарғандай рай таныта бастады. Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров қазақстандықтардың несиесін кешіру...

Оралда жемқорларға жиіркенішпен қарау акциясы өткізілді (видео)

Орал тұрғындарына жемқорды сабауға мүмкіндік берілді. Жұрт та қарап қалмай, парақорды таяқтың астына алып, кейбірі тіпті тұмсығын бұза жаздады, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Бұл өңірдегі...

Екі судья мен полицейге қатысты тергеу басталғаны хабарланды (видео)

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі екі судьяға қатысты тергеудің басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Ресми мәліметке сәйкес, бір судья Алматы облысының Ұйғыр ауданында ұсталды....

«Ұлттық арнаны Тұрсынбек Қабатов билеп отыр» — журналист

Журналист Ербол Мәндібек өзінің Facebook әлеуметтік желісінде Ұлттық арнаның саясатын сынап тағы бір жазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Ол жазбасында аталмыш арнаның рейтинг...

Денсаулық министрлігі пневмония жағдайының неге күрт өсіп шыға келгенін түсіндірді

Денсаулық сақтау министрлігі пневмония жағдайының неге күрт өскенін түсіндірді. Бұл бір мезетте 2 апта деректерінің базаға түсірілуімен байланысты болып шықты, деп хабарлайды zakon.kz. Қазақстанда коронавирус...

Мәжіліс сайлауы өтетін күнді кім және қалай белгілейді

Елде парламенттік сайлауды өткізу күнін белгілеу туралы мәселе Қазақстан Конституциясында көрсетілген, деп жазады Sputnik Қазақстан. Конституцияның 49-бабының екінші тармағына сәйкес, парламенттің өкілеттігі оның бірінші сессиясы...

Нұр-Сұлтанда елдің шотындағы ақшаны білдіртпей ұрлайтын банк менеджері сотталды

Нұр-Сұлтанда банк менеджері клиенттердің есепшоттарынан үлкен соманы шешіп алған, деп хабарлайды zakon.kz. Полиция департаменті банк клиенттерінің есепшоттарынан ақшаның ұрлану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын...