Жеті жасар баланы иттер талап өлтірді: Қыздың туыстары оқиғаның қалай болғанын айтты

Фото: pixabay.com

Өскеменде итке таланып көз жұмған қыз баланың жақындары оқиғаның қалай болғанын баяндап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ noks.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қайғылы оқиға Лесхоз ауылында болды. Қыз бала үйдің ауласында ойнап жүрген. Сол уақытта қаңғыбас ит келіп оған шабуыл жасады. Аулада үйдің иті де болды. Бірақ осы жағдайдан кейін ол жоғалып кетті. Қыздың ата-анасы есеңгіреп қалды, әлі де өз-өзіне келе алмай жатыр…», — деді марқұмның әпкесі.

Айта кетейік, жақында әлеуметтік желіде Өскеменде жеті жасар баланы иттер талап өлтіргені туралы хабар тарады.

«Біз, «Лесхоз» аулының, «Надежда», «Эдельвейс» бау-бақша серіктестігінің тұрғындары тиісті органдардың назар аударуын сұраймыз. Бүгін иттер жеті жасар баланы талап тастады. Біз қауіпті аймақта (қоқыс тастайтын аймақ) тұратындықтан үнемі қаңғыбас иттердің шабуылына тап болып отырмыз», — деп жазды жергілікті тұрғындар әлеуметтік желіде.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті 17 желтоқсанда Ертіс полиция бөлімі осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастағанын хабарлады.

Тиісті сот сараптамасы тағайындалып, мән-жайды толық анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, өзге ақпарат әзірше таратылмайтыны айтылды.

Автор: Сәке Қанатұлы

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз