Басты бет Оқиға Жетісайда удай мас көлік жүргізушісі үш полицейді соғып өткен (видео)

Жетісайда удай мас көлік жүргізушісі үш полицейді соғып өткен (видео)

Шымкентте карантин кезінде полицейлерді көлікпен қағу жиілеп кетті. Күнгейде қымбат көлік жүргізушісі блок-бекетте тұрған тәртіп сақшысын қағып кетсе, Жетісайда удай мас азамат үш бірдей полицейді соғып өткен, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Шымкенттегі апат бақылау камерасына түсіп қалды. Lexus LX 570 көлігінің жүргізушісі көше қиылысында қозғалысты реттеп тұрған полицейді қағып, бірнеше метрге ұшырып жіберген. Тәртіп сақшысы қазір ауруханада, ал қамауға алынған жүргізуші 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Жетісайдағы жәйт тіптен жан шошытарлық. Тәртіп сақшылары себепсіз жүрген «Мерседес» көлігін тоқтатады. Құжаттарды талап ету кезінде көлік кенет орнынан қозғалып, алдындағы тұрған екі полицейді жаншып, көліктің есігіне жабысқан үшіншісін сүйреп кеткен. Үшеуі де дін аман. Ал жарты сағаттан кейін ұсталған қаскөйдің мас болғаны анықталды.

Салтанат Қаракөзова, Түркістан облысы ПД баспасөз хатшысы:

— Ол жергілікті тұрғын және сараптаманың қортындысы бойынша «Мерседес» автокөлігінің жүргізушісі орта дәрежеде мас болғаны анықталды. Және есірткі затын қолданғаны да анықталды. Күдікті азамат қамауға алынды.

Оқи отырыңыз:

Фото: видеоның скриншоты

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

«Мемлекет үшін халықтың несиесін жабу онша қиын шаруа емес» — қоғам белсендісі

Алматы қаласында өткен елдің несиесін кешіру туралы бейбіт шеруден кейін билік тарапы сәл жұмсарғандай рай таныта бастады. Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров қазақстандықтардың несиесін кешіру...

Оралда жемқорларға жиіркенішпен қарау акциясы өткізілді (видео)

Орал тұрғындарына жемқорды сабауға мүмкіндік берілді. Жұрт та қарап қалмай, парақорды таяқтың астына алып, кейбірі тіпті тұмсығын бұза жаздады, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Бұл өңірдегі...

Екі судья мен полицейге қатысты тергеу басталғаны хабарланды (видео)

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі екі судьяға қатысты тергеудің басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Ресми мәліметке сәйкес, бір судья Алматы облысының Ұйғыр ауданында ұсталды....

«Ұлттық арнаны Тұрсынбек Қабатов билеп отыр» — журналист

Журналист Ербол Мәндібек өзінің Facebook әлеуметтік желісінде Ұлттық арнаның саясатын сынап тағы бір жазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Ол жазбасында аталмыш арнаның рейтинг...

Денсаулық министрлігі пневмония жағдайының неге күрт өсіп шыға келгенін түсіндірді

Денсаулық сақтау министрлігі пневмония жағдайының неге күрт өскенін түсіндірді. Бұл бір мезетте 2 апта деректерінің базаға түсірілуімен байланысты болып шықты, деп хабарлайды zakon.kz. Қазақстанда коронавирус...

Мәжіліс сайлауы өтетін күнді кім және қалай белгілейді

Елде парламенттік сайлауды өткізу күнін белгілеу туралы мәселе Қазақстан Конституциясында көрсетілген, деп жазады Sputnik Қазақстан. Конституцияның 49-бабының екінші тармағына сәйкес, парламенттің өкілеттігі оның бірінші сессиясы...

Нұр-Сұлтанда елдің шотындағы ақшаны білдіртпей ұрлайтын банк менеджері сотталды

Нұр-Сұлтанда банк менеджері клиенттердің есепшоттарынан үлкен соманы шешіп алған, деп хабарлайды zakon.kz. Полиция департаменті банк клиенттерінің есепшоттарынан ақшаның ұрлану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын...