Басты бет Оқиға Жол-көлік оқиғасы Жетпіс бес адам Самара – Шымкент тас жолында жантүршігерлік апатқа түсті

Жетпіс бес адам Самара – Шымкент тас жолында жантүршігерлік апатқа түсті

Қазақстандағы Самара – Шымкент республикалық тас жолында автобус пен жүк көлігі бір-бірімен соқтығысып қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан «Қазавтожол» ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдын ала мәліметке сәйкес, Neoplan маркалы автобус жүргізушісі Daf маркалы жүк машинасымен соқтығысып қалған.

Жол апаты 2 желтоқсан күні Қызылорда облысы Шижаға ауылының маңында болды.

«72 адам – Өзбекстан мен Тәжікстан азаматтары эвакуацияланды. Оларға барлық қажетті көмек көрсетілді. Жедел жәрдем дәрігерлері екі зардап шеккен азаматты Арал аудандық орталық ауруханаға алып кетті. Болжам бойынша, олардың аяқтары сынған. Алдын ала ақпаратқа сай, жапа шеккендердің екеуі де – автобус жүргізушілері», – деп хабарлады «Қазавтожол» баспасөз қызметінің басшысы Маржан Ордабай.

Оның айтуынша, жүк көлігін тізгіндеген Өзбекстан азаматы зардап шекпеген. Қазір жол апатының мән-жайы анықталып жатыр.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Болат Бақауов екі айға қамауға алынды (фото)

Лауазымдық уәкілеттілігін асыра пайдаланды деп күдіктеліп жатқан Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов екі айға қамауға алынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. 17 қаңтарда Павлодарда өңір басшысы Болат...

ҰҚК арнайы операция кезінде 17 адамды ұстады

Ұлттық қауіпсіздік комитеті экономикалық қауіпсіздік қызметі Нұр-Сұлтан, Қарағанды және Алматыда ауқымды арнайы операция жүргізді. 17 адам ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. ҰҚК қызметкерлері мемлекетке айтарлықтай...

Елордада оқушылар мектеп маңында пышақтасты

Екі оқушы арасында жанжал туындап, ол төбелеске ұласқан. Суық қару да қолданылған екен, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Оқиға 16 қаңтарда Нұр-Сұлтандағы оқу орындарының бірінің маңында...

Зейнетақы жинағындағы ақшаны ерте алудың жолдары айтылды

Мемлекеттік аннуитет компаниясының басқарушы директоры Әлемжан Ақажанов зейнеткерлік аннуитет шарттарының қалай өзгеретінін айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Зейнеткерлік аннуитет" қалай беріледі? Қазіргі заңнамаға сәйкес, зейнетақы...

Ақтаулық атышулы хирург 14 жастағы қыздың ішегінен бір тұлым шаш пен ине алып шықты

Ақтауда белгілі хирург Насухан Отарғазиев 14 жастағы мүмкіндігі шектеулі қызға күрделі ота жасап, ішегінен бір тұлым шаш пен ине алып шыққан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Бұл...

Оңбай таяқ жеген қыздың өзі жеңіл жүріспен табыс тапқан (видео)

Жәбірленушінің өзі жезөкшелікпен айналысқан! Зорлық-зомбылықтың құрбаны болдым деп шағымданған бойжеткенге қатысты Алматы полициясы жаңа дерек айтты, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Оңбай таяқ жеген қыздың өзі...

Сот Қытайдан келген Тілек Тәбәрікұлына үкім шығарды

16 қаңтарда Алматы облысы Панфилов аудандық сотында "шекараны заңсыз бұзды" деп айыпталған Шыңжаң қазағы 30 жастағы Тілек Тәбәрікұлына үкім шықты. Судья Динара Құйқабаева Тәбәрікұлын...