Басты бет Оқиға Жезқазғанда "Қазақмыстың" бас директорына шабуыл жасалды

Жезқазғанда «Қазақмыстың» бас директорына шабуыл жасалды

Жезқазғанда «Қазақмыс» корпорациясының бас директоры Амангелді Мініғұлов пен оның қоластындағы қызметкері — бөлім басшыларының бірі Сабыржан Тембаев пышақ жарақатын алған деп хабарлайды өңірдің полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Құзырлы органның мәліметінше, корпорация директоры арқасынан, ал қызметкер кеудесінен жарақат алған.

«21 қаңтарда сағат 18-де «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Кен-байыту кешенінің Бас директоры Мініғұловтың кабинетінде «Кәсіпқорған» кәсіподағының төрағасы Тажбенов арада туындаған жанжал барысында Мініғұловтың арқасына пышақ сұққан. Сонымен қатар жанжалды тоқтатпақ болған корпорация қызметкері Тембаев сол жақ кеуде тұсынан кесілген жарақат алған», — деп хабарлады полция департаменті.

Сонымен қатар, құзырлы орган бас директорға шабуыл жасаған кәсіподақ төрағасының өз-өзіне қол салғанын да мәлім етті.

«Куәгерлердің сөзінше, ол өзіне сол жақ кеуде тұсынан пышақ салып, оқиға орнында қаза болған», — дейді ведомство.

Қазір аталмыш факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция бұл істің Қылмыстық кодекстің қай бабы бойынша жүріп жатқанын хабарламады.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...