Жолаушы әйел «Газельден» секіремін деп қаза болды

Фото: «АқЖайық»

23 мамырда сағат 18:30 шамасында «Атырау-Индер» трассасында әдеттен тыс жағдайда адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы болды, деп жазады «АқЖайық».

Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қайғылы оқиға былай болған. Жүргізуші өз әйелімен бірге «Газельде» кетіп бара жатқанда көлік қатты түтіндей бастаған. Ер адам көлік қозғалысы кезінде әйеліне секірген жөн деп ұйғарады. 52 жастағы азаматша секіреді, бірақ өз көлігінің дөңгелегінің астына түсіп, көз жұмады.

— Тергеу шаралары жүргізілуде, — деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Фархат ӘБІЛОВ

Оқи отырыңыз: