Басты бет Оқиға Төтенше оқиға Жолаушылар пойызында коронавирус "табылды": вагон қоршауға алынды

Жолаушылар пойызында коронавирус «табылды»: вагон қоршауға алынды

Фотоны «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі ұсынған

Қытаймен шекаралас Достық стансасында коронавирус жұқтырды деген күдікке ілінген адамды анықтауға бағытталған оқу-жаттығу өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан «Қазақстан темір жолы» компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сценарий бойынша, Алматы – Достық бағытындағы №13/14 жолаушылар пойызында вирустық инфекцияның белгілері байқалған жолаушы болған.

Жоғары температура, жөтел, ентігу, жоғарғы тыныс алу жолдарының ауырсынуы секілді негізгі клиникалық белгілер анықталып, эпидемиологиялық анамнезі есепке алынып, оған белгісіз этиологияның пневмониясы деген алдын ала диагноз қойылды.

Фото: «ҚТЖ» ҰК» АҚ

«Тез арада барлық қызметке хабар беріліп, күзет қойылды. Вагонды санитарлық тұйыққа шығару үшін жолаушылар вагоны ағытылды. Дезинфекция бригадасы пойыз бен вирус «жұқтырған» адам отырған вагонды дәрімен өңдеді», — делінген хабарламада.

Қорғаныс костюмдерін киген мамандар эпидемиологиялық тексеріс жүргізді. Оқу-жаттығу кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету, биоматериалды зерттеуге алу, Достық стансасының ауруханасына ауру адамды жеткізу мен эвакуациялау барысы пысықталды.

Фото: «ҚТЖ» ҰК» АҚ

Бұдан бөлек, эпидемиологтар науқастың қанша адаммен байланыста болғанын анықтады.

Достық стансасындағы оқу-жаттығулар ұйымдасқан түрде өтті. Өйткені теміржолшылар жыл сайын эпидемиологиялық, шекаралық және карантиндік қызметтермен бірлесіп осындай шараларды пысықтайды, деп атап өтті ҚТЖ-дан.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 15 жасар қыз аяқ-астынан көз жұмды

Алматы облысында 2005 жылғы қыз кенеттен қайтыс болды. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер оған көмектесе алмады, деп хабарлайды zakon.kz. Қайғылы оқиға туралы жазба Илзат Акчуриннің facebook-тегі...

14 жасқа дейінгі балалар ел ішінде ұшақпен тегін ұша алады

Мемлекет ата-аналары бірге ел ішінде саяхаттауға алып шыққан балалар тасымалы үшін әуе компанияларына ақы төлеуге дайын. Бұл туралы Туризм индустриясы комитетінің басшысы мәлімдеді, деп...

Халықаралық әуе рейстерінің қайта жанданғаны рас па: комитет жауап берді

Азаматтық авиация комитеті халықаралық рейстерге билет алушыларға үндеу жасады. Мамандардың айтуынша, әуе билеттерін сату және сатып алу халықаралық рейстердің ашылғанын білдірмейді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ...

Бурабайда полиция қызметкері адам қағып өлтіріп, қашып кеткен

Полиция қызметкері тағы да жол апатын жасады! Жылдамдықты шамадан тыс асырған шенді тәртіп сақшысы Бурабайға кіре берісте адам қағып кеткен, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Нұрлан...

Ақтөбеде хром қосылыстары зауытында 4 адам көз жұмды

Техника қауіпсіздігі ережесін бұзу салдарынан Ақтөбе хром қосылыстары зауытының төрт қызметкері қаза болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Оқиға 28 мамыр күні "АХҚЗ" АҚ-ның №4 цехында...

Тепловизор және дезинфекция түнелі: ҰБТ тапсыру орындары қалай жабдықталады

Қазақстанда мектеп түлектері ҰБТ-ны карантинге байланысты ерекше санитарлық жағдайда тапсырады, деп жазады Sputnik Қазақстан.   Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілетін орындар тепловизор, дезинфекция түнелі және аяқ киімді...

Сөмкесінен екі бума ақша шықты – әкімдіктің лауазымды тұлғасы ұсталды

Ақтөбе қаласы әкім аппаратының лауазымды тұлғасы парамен ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі шенеунікті ұстау видеосын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Видеода құқық қорғаушылардың сөмкеден...