Басты бет Қоғам Журналистер арасында Бейсен Құранбек атындағы "Жігер" сыйлығы жарияланды

Журналистер арасында Бейсен Құранбек атындағы «Жігер» сыйлығы жарияланды

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі танымал журналист Бейсен Құранбек атындағы «Жігер» сыйлығына байқау жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Байқаудың мақсаты – жас тілшілерді шығармашылық ізденістерін шыңдауға жігерлендіру, Қазақстан журналистикасының дамуына серпін беру, көрнекті журналист Бейсен Құранбектің жарқын бейнесін есте қалдыру.

Сыйлық 4 номинация бойынша беріледі:

  • әлеуметтік тақырыптағы үздік телевизиялық сюжет;
  • әлеуметтік тақырыптағы үздік мақала;
  • әлеуметтік тақырыптағы үздік материал (әлеуметтік желі);
  • әлеуметтік тақырыптағы үздік фотосурет.

Байқауға телевизия, баспа, интернет журналистиканың және фотосуретшілер, жаңа медиа (әлеуметтік желілер) саласының кәсіби және кәсіби емес 18-35 жас аралығындағы журналистері қатысып, бағын сынай алады.

Байқау үздіктерін арнайы құрылған қазылар алқасының мүшелері айқындайды. Қазылар алқасының құрамына еліміздің медиа саласының дамуына елеулі үлес қосқан танымал медиа менеджерлер, журналистер, қоғам қайраткерлері кіреді.

«Жігер» сыйлығына өтініш 2020 жылдың 26 мамыры мен 15 маусымы аралығында mdq.kz сайтында қабылданады.

Сыйлыққа қатысты толық ақпаратты 8-775-332-08-00 нөміріне хабарласып ала аласыздар.

Салтанатты марапаттау БАҚ қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында ұйымдастырылмақ.

Еске сала кетсек, белгілі журналист, «Жетісу» телеарнасының директоры Бейсен Құранбек 49 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.

Танымал тележүргізуші «Айтуға оңай», «Қарекет» бағдарламаларын жүргізіп, халықтың ыстық ықыласына бөленген еді.

Журналистің қазасына Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көңіл айтты.

Оқи отырыңыз:

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Астанада жедел жәрдем бригадаларының саны азайғаны рас па?

Қазнетте Астанада жедел жәрдем бригадаларының саны азайғандығы туралы ақпарат тарады. Онда мұндай шешімді жедел жәрдем станциясының басшысы Мұрат Оразбаев жеке өзі қабылдағаны айтылған, деп...

Қазақстандықтардың моншаға аз баруына не себеп

Мәжіліс отырысында депутат Ерлан Саиров қазақстандықтардың моншаға аз бара бастағанын айтты. Оның пікірінше, оған азық-түлік бағасымен қоса қызмет көрсетудің де қымбаттауы себеп, деп хабарлайды...

Алдағы демалыс күндері 44 градусқа дейін ыстық болады

Синоптиктер 2023 жылдың 3-5 маусымында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты.   Болжамға сәйкес, еліміздің басым бөлігінде қатты аптап ыстық күтіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz. "Қазгидромет" РМК хабарлауынша,...

“Ролан Гаррос” турнирінде 2020 жылдан бері алғаш рет ең ұзақ матч өтті

Әлемнің тоғызыншы ракеткасы италиялық Янник Синнердің неміс спортшыаы Даниэль Альтмайермен “Ролан Гаррос” турнирі екінші айналымы аясында өткізген ойыны 5 сағаттан астам уақытқа созылды, деп...

Қазақстанда ауыл мектептерінің саны күрт азайды

Ұлттық статистика бюросы Қазақстан мектептері жайлы деректерді жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Бюро мәліметінше, 2022-2023 оқу жылында барлығы 7687 мектеп жұмыс істеді. Ондағы мектептердің 31,6% қалада,...

Сенат спикері: Халықтың ақшасы тиімсіз жұмсалды

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев халықтың ақшасы тиімсіз жұмсалып жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Сенаттың бүгінгі отырысында арнайы экономикалық аймақтар мәселесі қаралды. Индустрия және инфрақұрылымдық...

Мектеп оқушысы 30-ға жуық тілді қалай меңгеріп алғанын айтты

14 жастағы Айбат Ахметжан тілдерді меңгеріп қана қоймай оның тарихын да зерттеп, көне тілдерде еркін сөйлей алады. Бұл туралы полиглот жасөпірім "Таңшолпан" бағдарламасында айтып...