Басты бет Қоғам Жыл соңына дейін көпбалы отбасыларға 8 мың пәтер беріледі

Жыл соңына дейін көпбалы отбасыларға 8 мың пәтер беріледі

Жыл соңына дейін көпбалалы отбасыларға 8 мың пәтер беріледі. Бұл туралы үкіметте өткен баспасөз мәжілісінде ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«Өздеріңіз білесіздер, көп балалы отбасыларға арналған тұрғын үй мәселелерін шешуді жеделдету мақсатында мамыр айынан бастап құрлыс жұмыстарын бастап кеттік. Биыл 6 мың пәтер береміз деп жоспарлағанбыз. Бірақ оны саны асайын деп отыр. Бүгінгі күнге дейін 2813 пәтер берілді. Енді жыл соңына дейін 8 мыңнан астам пәтер беруді жоспарлап отырмыз», — деді Қайырбек Өскенбаев.

Ол көп балалы отбасылар үшін 2025 жылға дейін 40 мың жалдамалы пәтер немесе жыл сайын 6 мың пәтер салу жоспарланғанын еске салды.

«Бұл мақсаттарға 7 жылға 350 миллиард теңге (немесе жыл сайын 50 миллиард теңге) қарастырылған», — деді вице-министр.

Сондай-ақ, ол Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы аз қамтамасыз етілген көп балалы отбасыларға, толық емес отбасыларға және мүгедек балалары бар отбасыларға жылдық 2% көлемінде қосымша несие берілетінін айтты.

«Бұл жыл сайын 5000 отбасының өмір сүру жағдайын жақсартады. Жеңілдетілген ипотекалық несиелердің қол жетімділігін арттыру үшін тұрғын үй заңнамасында тұрғын үй сертификаттарын беру тетігі қарастырылған. Сәуір айында тұрғын үй қатынастары туралы заңнамаға қажетті түзетулер енгізілді. 18 қыркүйектегі жағдай бойынша республикада 45,6 млрд теңгеге 4434 өтінім қабылданды. Оның ішінде 24,9 млрд теңгеге 2382 өтінім мақұлданды», — дейді Қ. Өскенбаев.

Айта кетейік, биыл 30 сәуір күні көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға жалдамалы тұрғын үй беру мәселелерін реттеу бойынша «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер енгізілді.

Соңғы жаңалықтар

Қаза оразаны өтеу: 1700 теңгені кімдер береді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Медет Құрмашұлы қаза оразаны өтей алмаған жағдайда не істеу керектігін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан...

Коронавирус Уханьдағы базардан тараған жоқ – Қытай ғалымдары

Коронавирус ең алғаш Уханьдағы базардан тараған жоқ. Бұл туралы Қытайдың ауруларды бақылау және алдын алу орталығының ғалымдары мәлімдеді, деп жазады Sputnik Қазақстан. Мамандар Ухань базарындағы...

Қазақстанның шығысында ұшақ өртенді

Қазақстанның шығысында Үржар әуежайында Ан-2 ұшағы өртенді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап. Оқиға сағат 15:31-де, әуе кемесі қонғаннан кейін алты минуттан...

Мұсылман зиратына тасталған нәресте шетінеп кетті

Қостанай облысында мұсылман зиратынан тастанды шақалақ табылды. Безбүйрек анасы бейітке қалдырып кеткен сәби шетінеп кетіпті, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Пакетке оралған баланы ата-бабасына тағзым етуге...

Нұр-Сұлтанда жол апаты болды — 13 адам ауруханаға жеткізілді

Елордада сағат 18:00-де "КамАЗ" пен автобус соқтығысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан полиция департаментіне сілтеме жасап. Құқық қорғау органының мәліметіне сәйкес, "КамАЗ" Ақжол көшесімен қозғалып келе...

Қордайдағы оқиға: Қамауға алынған кейбір күдіктілер босатылды

Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысы бар кейбір адамдар қамаудан босатылды, деп мәлімеді ҚР БП арнайы прокурорлары қызметінің жетекшісі Ризабек Ожаров ОКК-да өткен брифингте, деп...

1 маусымнан бастап елімізде қандай нысандар іске қосылады

Ведомствоаралық комиссия блок-бекеттерді алып тастау және бірқатар саланың жұмысын жандандыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz. Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Коронавирустың таралуына...