Басты бет Қоғам Дін Жылқы еті мен сүтінің «халал» екені туралы пәтуа шықты

Жылқы еті мен сүтінің «халал» екені туралы пәтуа шықты

Мұсылмандардың «де факто» жаһандық діни орталығы болып табылатын «әл-Азһардан» жылқы еті мен сүтінің, оның ішінде саумал мен қымыздың халал екені туралы пәтуасы шықты, деп хабарлайды MediaWorld.kz Қазақстанның Каирдегі Елшілігіне сілтеме жасап.

Мысыр сияқты мұсылман елдерінде қазақ халқының негізгі тағамы және сусыны болып табылатын жылқы еті мен қымызға қатысты қате көзқарастарды (харам немесе мәкрух деген жалған пәтуаларды) жою мақсатында Қазақстанның Каирдегі Елшілігі «әл-Азһар» шейхі кеңсесіне аталған қате пікірлерге қарсы ұстаным білдіру және жаһандық деңгейде пәтуа шығару туралы өтініш жолдаған болатын.

Аталған мәселе Ислам зерттеулері академиясының отырысында қарастырылып, келесі үкім шығарылды:

Бухари мен Муслим риуаят қылған «Алланың Елшісі (Оған Алланың сәлемі мен салауаты болсын!) «Хайбар» жорығы кезінде үй есегінің етін жеуге тыйым салып, жылқы етін жеуге рұқсат етті» деген хадиске, сондай-ақ Муслимның Әсма бинт Әбу Бакрден риуаят қылған «Алланың Елшісі (Оған Алланың сәлемі мен салауаты болсын!) тұсында Мәдине қаласында жылқы сойып жеуші едік» деген хадиске сүйене отырып, ғалымдардың пікірін, әсірісе Ханафи мазхабы ғұламаларының пәтуаларын дәйек келтіре отырып, жылқы етін жеуді және сүтін ішуді «халал» екенін растаймыз. Еті желінген малдың сүтін де ішу (саумал, қымыз) халал. Сахаба Джабир жеткізген «Алланың Елшісімен (Оған Алланың сәлемі мен салауаты болсын!) сапарға шыққанда жылқы етін жеп, сүтін ішуші едік» деген хадис нақты дәлел болып табылады.

Сонымен қатар, тауарларын экспорттау мақсатында кейбір отандық өндірушілердің өтініші негізінде тарыдан жасалынған боза сусыны туралы сұрау салынған болатын. Бұл туралы «әл-Азһар» мас қылмау және зиян бермеу шартымен «мүбаһ» (рұқсат) деген пікір білдірді. Пәтуада «Негізінде кез келген зат мүбаһ» деген шариғат қағидасы осындай заттарға қолданылады. Ол адамды мас қылатын немесе зиян беретін болса, рұқсат етілмейді. Бұл мәселе бойынша медицина және т.б. салалардағы мамандардың пікірлеріне сүйеніледі» делінген.

Фото: Ислам зерттеулер академиясы фықых зерттеулері комитетінің Қазақстан Елшілігінен келіп түскен сұрауына жауап ретінде берілген қарары

Жоғарыдағы үкімнің аудармасын ұсынып отырмыз:

«КИЕЛІ ӘЛ-АЗҺАР»

Ислам зерттеулер академиясы фықых зерттеулері комитетінің Қазақстан Елшілігінен келіп түскен сұрауына жауап ретінде берілген

ҚАРАРЫ:

2019 жылғы 13 наурызда «әл-Азһар» шейхінің атына Қазақстанның Каирдегі Елшілігінен келіп түскен мұсылман елдерінде кеңінен таралған қазақ халқының дәстүрлі тағамдары мен сусындары (жылқы еті, сүті және боза) туралы хатына қатысты Бас имамның тапсырмасына сәйкес, аталған мәселе 2019 жылғы 21 тамыздағы Ислам зерттеулері академиясының отырысында қарастырылды.

Отырыста келесім шешім қабылданды:

  1. Бухари мен Муслим риуаят қылған «Алланың Елшісі (Оған Алланың сәлемі мен салауаты болсын!) «Хайбар» жорығы кезінде үй есегінің етін жеуге тыйым салып, жылқы етін жеуге рұқсат етті» деген хадиске, сондай-ақ Муслимның Әсма бинт Әбу Бакрден риуаят қылған «Алланың Елшісі (Оған Алланың сәлемі мен салауаты болсын!) тұсында Мәдине қаласында жылқы сойып жеуші едік» деген хадиске сүйене отырып, ғалымдардың пікірін, әсірісе Ханафи мазхабы ғұламаларының пәтуаларын дәйек келтіре отырып, жылқы етін жеуді және сүтін ішуді «халал» екенін растаймыз. Еті желінген малдың сүтін де ішу халал. Сахаба Джабир жеткізген «Алланың Елшісімен (Оған Алланың сәлемі мен салауаты болсын!) сапарға шыққанда жылқы етін жеп, сүтін ішуші едік» деген хадис нақты дәлел болып табылады.
  2. Жүгеріден жасалынған боза сусыны туралы келесі шешім қабылданды: «Негізінде кез келген зат мүбаһ» деген шариғат қағидасы осындай заттарға қолданылады. Ол адамды мас қылатын немесе зиян беретін болса, рұқсат етілмейді. Бұл мәселе бойынша медицина және т.б. салалардағы мамандардың пікірлеріне сүйеніледі.

Алла Тағала біледі.

Хиджраның 1441 жылғы 5 мухаррамы

2019 жылғы 4 қыркүйек

Ислам зерттеулері академиясының Бас хатшысы проф. доктор Назир Мұхаммед 

Соңғы жаңалықтар

«15 минуттан соң жарылады»: қарағандылық дәмханаға бомбамен келгенін айтты

Қарағандының 47 жастағы тұрғыны қаладағы дәмханалардың бірін жарғысы келетінін айтқан, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Оқиға жексенбі, 13 қазан күні болды. "102-ге хабарласқан тұрғындар Ленин көшесіндегі...

250 млн доллар: Әзербайжан банкіндегі зейнетақы қаржысының тағдыры не болды?

"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" компаниясының атқарушы директоры Мәулен Өтеғұлов Әзербайжан банкіне жасалған инвестиция туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Әзербайжанның халықаралық банкінен алынған облигацияларға қатысты...

Жамбыл облысында көкпардан облыстық ашық турнир өтіп жатыр

Жамбыл облысында көкпардан облыстық ашық турнир басталды, деп хабарлайды «Хабар 24». Дәстүрлі жарыс өңірде бесінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Оған 9 аудан мен Түркістан облысынан 12...

Атырау: Дәрігерлер мас күйінде ота жасаған перзентханада екі айда 50-ге жуық бала шетінеген (видео)

Атырау облыстық перинаталдық орталығында соңғы екі айда елуге жуық шақалақ шетінеп кеткен, деп хабарлайды КТК телеарнасы. 11 қазан күні жемқорлыққа қарсы агенттік өкілдері атышулы перзентхананың...

Арыс қаласы жанында жарылыс болып, әскери қызметші көз жұмды

11 қазанда арнайы жабдықталған полигон аумағында (Арыс қаласынан 60 шақырым жерде) оқ-дәрілердің жиналған фрагменттерін жою бойынша жоспарлы жұмыс барысында оқ-дәрілердің фрагменті уақытынан бұрын детонация...

Тоқаев: ТМД-ның басты міндеті — сауда-саттық әрі экономикалық байланысты дамыту (фото)

Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттері басшылары Кеңесінің отырысына қатысты. Шарада Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан елдерінің көшбасшылары болды, деп хабарлайды Zakon.kz. Жиын...

Ақтаудың ерекше әппақ екі қызына сән үйлері таласып жүр (видео)

Ақтаудағы Қалағановтар жанұясы ерекше қыздарды тәрбиелеп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24». Арасы 13 жас жеткіншектердің ақшыл түсті қас-кірпігі мен шашы сырт көзге бірден байқалады. Бір...