Басты бет Қоғам Жылжымайтын мүлік нарығында дүрбелең басталды

Жылжымайтын мүлік нарығында дүрбелең басталды

Теңгенің құлдырауы тұрғын үй бағасына да әсер етті. Соңғы бір аптада жылжымайтын мүлік нарығында нағыз дүрбелең басталған сияқты, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Себебі, кейбір құрылыс компаниялары баға саясатын қайта қарай бастаған. Ал банктер ипотекалық несие пайызын өсірді. Осыдан секем алған жұрт жапа-тармағай баспана сатып алуға асығып жатыр екен. Әсіресе су жаңа пәтерлерге деген сұраныс артқан. Сондықтан сарапшылар енді салынып жатқан баспаналар алдағы уақытта 5-7 пайызға қымбаттауы мүмкін деп отыр. Өйткені ипотекалық несие пайызы өскелі бері тұрғындар 7-20-25 бағдарламасымен үй алуға ұмтылуда. Оның талаптарына сай, пәтер енді ғана пайдалануға берілген болуы тиіс.

«Сол себепті жаңа баспаналарға сұраныс артып, баға қымбаттайды», — дейді мамандар.

Ал қолданыстағы пәтерлер керісінше, 7-10 пайызға арзандайды деген болжам бар. Өйткені «Баспана хит», «Орда» секілді ипотекалық бағдарламалардың пайыздық мөлшерлемесінің өсуіне байланысты ескі баспаналарға деген сұраныс 10-15 пайызға азаяды дейді сарапшылар. Тиісінше, қарапайым халық армандаған баспанасына жете алмай, жалдамалы пәтерлердің де бағасы артуы мүмкін деген жорамал айтылуда.

Оқи отырыңыз:

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондайақ біздің Facebook тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Министрлік жұрт жиі қоятын сұраққа жауап берді

Қазақстанда күн сайын қазір 1 миллионнан астам бетперде тігіледі. Ал қоймаларда 158 мың литр дезинфекциялық сұйықтық бар. Бұл туралы бүгін индустрия және инфрақұрылымдық даму...

Қазақстанда карантиндік типтегі үш медициналық кешен салынады

Қазақстанда карантиндік типтегі үш медициналық кешен салынады. Бұған 14,8 миллиард теңге бөлу көзделіп отыр. Бұл туралы бірінші қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды...

Сауд Арабиясы мұсылман елдерін қажылыққа жоспар құрмауға шақырды

Сауд Арабиясының қажылық және умра министрі барлық мұсылман елдерін коронавирус пандемиясы тоқтағанша Меккеге қажылыққа баруды жоспарламауды сұрады, деп хабарлайды centralasian.org. Биыл шілде айының соңында басталатын...

Covid-19-дан қайтыс болғандар қалай жерленеді

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова коронавирустан қайтыс болғандар қалай жерленетінін айтты, деп хабарлайды zakon.kz. "Мен арнайы қаулымен коронавирус жұқтырғандарды жерлеу рәсімінің алгоритмін бекіттім....

Дәрігер кімдердің коронавирус жұқтыру қаупі жоғары екенін айтты

Маусымдық аллергиясы бар адамдардың  коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупі жоғары. Бұл туралы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты жанындағы республикалық аллергология орталығының меңгерушісі Динара Талғатбекова...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тікелей эфирде мәлімдеме жасады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі төтенше жағдайға байланысты тікелей эфирде мәлімдеме жасады, деп хабарлайды zakon.kz. Мемлекет басшысы мәлімдемесінің мәтіні Ақорданың ресми сайтында жарияланды. Құрметті отандастар! Қазір бүкіл...

Коронавирус қаупі: полиция 47 адамды іздеп жатыр

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев коронавирусты жұқтыруы мүмкін деген күдікпен 47 адам іздестіріліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Полиция инфекция жұқтыруы мүмкін деген адамдарды...