Басты бет Саясат Парламент "Өзің төле!": Қарағұсова тұрмысы төмендердің кредитін өтеп беруге қарсы шықты

«Өзің төле!»: Қарағұсова тұрмысы төмендердің кредитін өтеп беруге қарсы шықты

Әлеуметтік жағдайы төмен қазақстандықтардың кредит қарызын төлеп беру азаматтардың жауапсыздығына әкеледі. Мұндай пікірді депутат Гүлжан Қарағұсова мәжілісте салық салу туралы заңды таныстыру кезінде айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оның пікірінше, тұрмысы төмен кей азаматтардың қарызын мемлекет есебінен жабу қалған салық төлеушілерге қосымша салмақ салады. Депутат өмірінде екі рет кредит алғанын да есіне түсірді, оның бірі – ипотека. Екеуін де мерзімінен бұрын төлеген.

«Азаматтарды салық төлеуге үйрету керек. Мемлекеттік деп аталатын бюджет – біз бен сіздің ақшамыз», — деді депутат.

Мәжілістің қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Гүлжан Қарағұсова 2007 жылдан бері экономикалық дағдарыста келе жатқан АҚШ-та ешкім борышкерлердің кредитін төлеп бермейтінін айтты.

«Өзің алдың ба, өзің төле. Олай болмаған жағдайда кей салық төлеуші мемлекет есебінен емес, сіз бен біздің ақшамызға өмір сүреді. Бұған жол беруге болмайды. Біреу жұмыс істейді әрі салық төлейді, ал басқалар… Кешіріңіз, мен осы елдің азаматы ретінде мұндай саясатпен келісе алмаймын», — деді депутат.

Тоқаевтың жарлығы

Өткен жылдың маусымында президент Қасым-Жомарт Тоқаев қиын қаржылық жағдайға тап болған қазақстандықтардың қарыз жүктемесін төмендетуді тапсырды.

Президенттің жарлығына сәйкес, 2019 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша кредит қарызы үш миллион теңгеден аспайтындардың қарызы төленді (7 750 доллар). Мемлекет бір қарыз алушыдан ең көп дегенде 300 мың теңге шегерді (бұл сомаға негізгі қарыз бен сыйақы кіреді).

Оқи отырыңыз:

Фото: youtube.com

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...