Өзі жүре алатын ескі техникаға 2 миллион теңгеге дейін береміз – ӨКМ Операторы

35
Фото: ӨКМ Операторы

ӨКМ Операторы («Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері Операторы» ЖШС) істен шыққан ауыл шаруашылығы техникасын (өздігінен жүретін) қайта өңдеуге қабылдау бағдарламасын іске қосады. Агротехникаларды қабылдау осы жылдың 2 қарашасынан басталады, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің келісімімен тозығы жеткен ауылшаруашылық техникасы жеңілдік сертификаттарына алмастырылатын болады. Жеңілдік сертификатының құны агротехниканың (өздігінен жүретін) түрі мен жиынтығына байланысты 560 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейін бағаланады.

Айталық комбайн тапсырғанда техниканың зауытта шыққан салмағынан 50%-дан асатын болса (толық жиынтық) 2 млн теңгеге жеңілдік сертификаты беріледі. Ал толық емес жиынтықтағы комбайндар үшін сертификат құны 1,5 млн теңге болады. Сондай-ақ толық жиынтықтағы тракторлар үшін жеңілдік сертификатының мөлшері 1 млн теңгені құрайды. Толық емес жиынтықтағы машиналар (шынжыр табанды немесе дөңгелекті) 560 мың теңгенің сертификатына қабылданады.

Жеңілдік сертификатын Қазақстанда құрастырылған су жаңа ауыл шаруашылығы техникасын немесе елімізде шығарылған жеңіл, жүк және жолаушылар көлігін сатып алатын кезінде пайдалануға болады.

Айта кету керек кез келген санаттағы отандық көлікті сатып алғанда жеңілдік сертификатын қолдануға және екі сертификатты біріктіруге болады. Сонымен қатар сертификатты басқа адамның атына тіркеуге (2 реттен артық емес) мүмкіндік бар.

Тозығы жеткен аграрлық техниканы қайта өңдеуге тапсыру, еліміздегі 80%-ға ескерген ауыл шаруашылығы техникасын жаңартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар экологиялық таза көлік құралдарын өндіруді ынталандырады және қайта өңдеудің толыққанды жүйесін құруға ықпал етеді.

Оқи отырыңыз: