2023 жылы Қазақстан 150 миллион дана гүл импорттады

2383
Фото pixabay.com сайтынан алынды

2023 жылы Қазақстан 61,1 млн долларға 149,8 млн дана көлемінде гүл импорттады, бұл 2022 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 29%-ға артық, деп жазады Sputnik Қазақстан Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап.

«Импорттың ең үлкен көлемі Эквадорға тиесілі — Қазақстан мұнда 37,5 млн долларға гүл сатып алды. 2023 жылы Нидерландыдан жеткізілімдер 13,1 млн долларды, Кениядан 4,8 млн долларды, Колумбиядан — 3,4 млн долларды құрады», — деп жазылған хабарламада.

Қазақстандықтар арасында ең көп сұранысқа ие болған раушандар өткен жылы 40,2 млн долларға 112 млн дана көлемінде әкелінген.

Хризантема 7,6 млн долларға 15,8 млн дана көлемінде сатып алынды. Лилияның импорттық жеткізілімі 3,3 млн данадан сәл ғана асып түсіп, 1,5 млн долларға жуықтады. 6 млн данадан астам қалампыр 1,2 млн долларға сатып алынды. 210,2 мың долларға 116,6 мың дана орхидея әкелінді.