Елімізде қанша әйел тұрады: статистикалық мәлімет жарияланды

2395
Фото pixabay.com сайтынан алынды

Ертең 10 260 057 қазақстандық әйел Халықаралық әйелдер күнін тойлайды. Бұл жөнінде Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, бүгінде Қазақстан халқының 10 260 057-сі әйелдер.

Өңірлер бөлінісінде әйелдердің басым көбі Алматы қаласында – 1 196 450, Түркістан – 1 049 866 және Алматы облыстарында – 766 092 тұрады.

«Бүгінгі таңда әйелдердің 63,6 пайзы қалалық, 36,3 пайызы ауылды жерлерде тұрады», — делінген Ұлттық статистика бюросының хабарламасында.

Жас құрамы бойынша:

  • 18 жасқа дейінгі қыздар саны – 3,3 млн;
  • 18-ден 60 жасқа дейінгі қыз-келіншектер саны – 5,3 млн;
  • 60 және одан жоғары жастағы әжелер саны – 1,6 млн.

Автор: Аида Тақабаева